Марфуға Айтхожа 90 жасқа толды – Президент құттықтау жолдады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
adebiportal.kz, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, Қазақстанның халық жазушысы Марфуға Айтхожаға құттықтау жеделхатын жолдады.

Онда президент көрнекті ақын, қоғам қайраткері, ерекше дарын иесі ретінде халық құрметіне бөленген Марфуға Ғалиқызын 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтаған. Тоқаев жеделхатта ақын ғибратты ғұмырын ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамытуға, қазақ поэзиясының өрісін кеңейтуге арнағанын атап өткен.

«Қазақтың дархан даласы мен тамыры терең тарихын, ұлтымыздың ынтымақ-бірлігі мен салт-дәстүрін өршіл де сыршыл өлеңдеріңізге арқау еттіңіз. Оқырман қауым жырларыңызды сүйсініп оқиды және өзіңізді «Қазақтың жыр Аққуы» деп ардақтайды. Алдағы уақытта да өнегелі өміріңізбен өскелең ұрпаққа үлгі болып, ел-жұрттың ортасында сый-құрметке бөлене беруіңізге тілектестігімді білдіремін» – делінген құттықтауда.

Айта кететін жайт, Тоқаев Құрылтай сайлауына байланысты бес ел президентіне алғыс айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз