ШҚО-да туған қызын алты жасынан зорлап келген әке ұсталды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
коллаж: unsplash, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

ШҚО-да әкесі өз қызына бірнеше жыл бойы жыныстық зорлық көрсетті деген күдікке ілініп отыр.

Kriminal Kazakhstan ақпаратына қарағанда, Риддер қаласында кәмелетке толмаған балаға қатысты зорлық-зомбылық ісі бойынша тергеу басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, қазір шамамен он төрттегі қыз бала алты жасынан бастап өз әкесінен зорлық көрген.

Күдіктіні шілде айының басында полиция қызметкерлері жұмыс орнында ұстады.

ШҚО ПД ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі – «Кәмелетке толмаған адамды зорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады. Істің мән-жайын анықтау үшін сот сараптамалары тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесі үшін полиция істің басқа мәліметтерін жария етпейді.

Айта кететін жайт, Ақтөбе облысында көршісінен зорлық көрген 15 жастағы оқушы буллингке ұшыраған еді.

Сондай-ақ оқыңыз