Астанада мамандықтар жәрмеңкесі өтеді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Астана
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Оған 50 жұмыс беруші қатысып, 1000-нан астам жұмыс орны ұсынады.

Жәрмеңкеге келгендер компаниялардағы бос лауазымдармен танысып, еңбек жағдайлары мен жұмыс берушілердің талаптарын біле алады. Сондай-ақ іс-шара барысында жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.

Жәрмеңке 27 тамызда сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін «Жастар» сарайында өтеді. Мекенжайы: Астана, Республика көшесі, 34.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының дерегінше, елдегі бос жұмыс орындарының үштен бірі білім беру саласына тиесілі. Сұраныс бойынша екінші орында денсаулық сақтау саласы тұр. Қазір ауруханалар мен емханаларға 110 мың дәрігер мен медициналық қызметкер қажет.

Айта кету керек, еңбек нарығына жаңа мамандықтар да келіп жатыр. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сөзінше, автокөлік саласына арналған 31 жаңа мамандық әзірленіп, тағы 22 қолданыстағы мамандық жаңғыртылады.

Сондай-ақ оқыңыз