Франкфурт әуежайында қауіпті инфекция ошағы іздестірілуде

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Франкфурт әуежайында қауіпті инфекция ошағы іздестірілуде / Фото: Depositphotos

Франкфурт әуежайында безгек ауруының алты жағдайы тіркеліп, науқастардың бірі қайтыс болды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Мамандардың болжамынша, вирусты тасымалдаушы масалар әуежайға ұшақтармен, жүктермен немесе багажбен бірге келген болуы мүмкін.

Fraport әуежай операторы қызметкердің маляриядан қайтыс болғанын ресми түрде растады. Frankfurter Allgemeine Zeitung басылымының мәліметінше, марқұм ұшақтарға техникалық қызмет көрсету бөлімінде жұмыс істеген.

«Әріптесімізден айырылып қалғанымызға қайғылымыз, қазіргі уақытта біздің ойымыз марқұмның отбасымен және жақындарымен бірге. Ауру жұқтырған қалған қызметкерлер емдеу курсынан өтіп жатыр», – деп хабарлады Fraport өкілі.

Мамандар бұл жағдайды «әуежайдағы безгек» (airport malaria) феноменімен байланыстырады. Бұл терминді инфекция таралған аймақтан ауру тасымалдаушы масаның ұшаққа, багажға немесе жүкке кездейсоқ кіріп кегіп, басқа елге ұшып кетуі жағдайында қолданады.

Майндағы Франкфурт әуежайы (FRA) – Германиядағы ең ірі әрі Еуропадағы басты авиациялық хабтың бірі. 2025 жылы ол 63,2 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсеткен.

Франкфурт Қазақстанмен де тікелей әуе қатынасымен байланысқан. Lufthansa компаниясы Астана мен Алматыдан Франкфуртке тікелей рейстерді жүзеге асырады. Ағымдағы кестеге сәйкес, Астанадан аптасына 5 рейсге дейін, ал Алматыдан 4 рейсге дейін қатынайды. Әуе рейстерінің кестесі маусымға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз