Каспий теңізінде жаңа арал пайда болды

Каспий теңізінде жаңа арал пайда болғаны тіркелді. Ол су деңгейінің төмендеуі салдарынан қалыптасқан. Бұл туралы «Caspian Holiday» компаниясының негізін қалаушы Ерболат Мұқашов хабарлады.
Lada.kz басылымының жазуынша, жаңа құрлық учаскесі соңғы жылдары жаңа аралдар пайда болып жатқан Каспийдің солтүстік бөлігінде орналасқан.
«Жақында пайда болған аралдардың бірі – Рыбачий-Святой аралының шығысында орналасқан. Ал бұл жаңа арал Святой аралынан шамамен 500 метр шығыста және Баутино ауылынан шамамен 30 шақырым қашықтықта жатыр», – деді Мұқашов.
Аралда қандай жануарлар мекендейді?
Кәсіпкердің айтуынша, бұл өзгерістер әсіресе Құлалы, Теңіз (Морской), Святой, Подгорный, Үшарал, Маякшыққан және Долгий аралдары аумағында айқын байқалады. Аумақтар, сондай-ақ каспий итбалықтарының мекендеу ортасы ретінде белгілі.
Жаңа аралдардан жергілікті фауна өкілдері де байқала бастады. Мұнда қасқырлар, жабайы қабандар мен борсықтар кездеседі, ал айналадағы су айдындарында балықтардың түрлері тіршілік етеді. Сонымен қатар аймақ құстарды да өзіне тартып отыр.