Кентаудағы маньяк туралы ақпаратты полиция терістеді

Түркістан облысы Кентау қаласында маньяк жүр деген ақпарат мессенджер арқылы тарап, қала тұрғындарының үрейін ұшырған.
Полиция жұртты дүрліктірген хабарлама шындыққа жанаспайтынын айтып, сабырға шақырды.
«Кентауда полицияға Яссауи даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан адам денесі табылғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы бірден шықты. Полиция аталған аумақты, соның ішінде қоқыс жәшіктерін тексерді. Ақпарат расталған жоқ», – дейді өңірлік полиция өкілдері.
Полиция хабарлауынша, қазіргі уақытта хабарламаның шыққан көзі және оның таралу жолдары анықталып жатыр. Тексеру нәтижесінде заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады. Полиция азаматтарды тексерілмеген ақпараттарды таратпауға шақырады және көрінеу жалған ақпарат үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Айта кететін жайт, Денсаулық сақтау министрлігі тышулы каннибал Николай Жұмағалиев жатқан мекемеде науқастарға қысым көрсетіледі деген ақпаратты жоққа шығарған еді.