«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы екі топ-менеджеріне 140 млн теңге сыйақы төлеген

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Мұнай компаниясының топ-менеджерлері қанша жалақы алады / Фото: shutterstock.

«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы екі топ менеджеріне 140 млн теңге сыйақы төлеген. Бұл туралы қаржы есептілігі депозитарийінде жазылған.

Құжатқа сәйкес, 139,9 млн теңге – компания бас директоры Вэнь Цзюцзюнь мен оның орынбасары Болат Сейтмағамбетовтің 2025 жылы алған сыйақысы.

«Маңғыстаумұнайгаз» – Маңғыстау облысындағы ең ірі әрі жетекші мұнай-газ компаниясы. Бұл кәсіпорынның 100 пайыз акциясы «Mangistau Investments B.V.» холдингіне тиесілі.

Ал аталған холдингті қазақстандық «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен қытайлық «CNPC» компаниясы теңдей, яғни әрқайсысы 50 пайыздық үлеспен бірлесіп басқарады. Компания Қаламқас пен Жетібай кен орындарын игереді.

Бұған дейін «Маңғыстаумұнайгаз» 2025 жыл үшін акционерлеріне 70,8 млрд теңге дивиденд төлейтінін хабарлаған.

2025 жылы «Маңғыстаумұнайгазға» қызмет көрсететін «TES Service Company» мен «М-Техсервис»  жұмысшылары ереуілдеген. Олар айлықты көтеруді талап еткен. 

Сондай-ақ оқыңыз