Пәкістан перзентханасында 14 нәресте өртеніп кетті

26 тамыз, сәрсенбі күні таңертең Исламабадтағы ірі мемлекеттік аурухананың перзентхана бөлімінде өрт шыққан.
Euronews ақпаратына қарағанда, тілсіз жаудың кесірінен кемінде 14 жаңа туған нәресте қаза тапты. Бұл туралы аурухана мен үкімет өкілдері хабарлады.
Аудан әкімшілігінің мәліметінше, өрт Пәкістан медициналық ғылымдар институтының (PIMS) ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің үшінші қабатынан шыққан.
Құтқару қызметінің қызметкерлері өрт жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6:45-те (Орталық Еуропа уақытымен 3:45) басталғанын айтты. Алдын ала болжам бойынша, өрт гинекология бөлімінде орналасқан жаңа туған нәрестелер палатасындағы кондиционер компрессорының жарылуынан болған.
Исламабадтың бас комиссары Сохаил Ашраф X әлеуметтік желісінде құтқару топтары, мамандар, полиция қызметкерлері және өзінің өзі «дереу оқиға орнына жетіп, өртті бақылауға алғанын» мәлімдеді. Ақпарат бойынша, олар бір нәрестені құтқарып қалған.
Премьер-министр Шахбаз Шариф қаза тапқандарға байланысты қайғырып, оқиғаны дереу тергеуді тапсырды.
Ал Алматыда тұрғын үйдегі өрттен бір қыз қаза тауып, төрт адам ауруханаға түскен еді.