Қатты жел салдарынан Қостанайдағы кеңсе ғимаратындағы өрт ұзақ сөндірілді

Қостанайда түрлі компаниялардың офистері орналасқан үш қабатты әкімшілік ғимараттағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды Кursiv.Media.
ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіру жылдамдығы 13 м/с-қа дейін жеткен қатты желге, сондай-ақ ғимараттың тез жанғыш сыртқы қаптамасының болуына байланысты қиындаған.
«Өрт жалпы 900 м2 аумақта жойылды. Оқиға орнында ТЖД-ның 70-ке жуық қызметкері мен 15 техника бірлігі, сондай-ақ ЖҚО, Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары, полиция, жедел медициналық жәрдем және қалалық қызметтер жұмыс істеді», – делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Айта кетейік, бастапқыда өрт Әл-Фараби даңғылындағы құрылыстың жанынан бастау алған. От ғимараттың қаптамасына, үшінші қабаттағы кабинетке және екі автокөлікке көшкен. Кейіннен өрт барлық үш қабаттағы кабинеттерді шарпыды. ТЖД қызметкерлері екінші қабаттан бір әйелді құтқарды.