Қатты жел салдарынан Қостанайдағы кеңсе ғимаратындағы өрт ұзақ сөндірілді

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
Қатты жел салдарынан Қостанайдағы кеңсе ғимаратындағы өрт ұзақ сөндірілді / Фото: Shutterstock

Қостанайда түрлі компаниялардың офистері орналасқан үш қабатты әкімшілік ғимараттағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды Кursiv.Media.

ТЖМ мәліметінше, жылдамдығы 13 м/с-қа дейін жеткен қатты жел мен ғимараттың сыртқы қаптамасының тез жануынан өртті сөндіру қиындаған.

«Өрт жалпы 900 м2 аумақта жойылды. Оқиға орнында ТЖД-ның 70-ке жуық қызметкері мен 15 техника бірлігі, сондай-ақ ЖҚО, Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары, полиция, жедел медициналық жәрдем және қалалық қызметтер жұмыс істеді», – делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Айта кетейік, бастапқыда өрт Әл-Фараби даңғылындағы құрылыстың жанынан бастау алған. От ғимараттың қаптамасына, үшінші қабаттағы кабинетке және екі автокөлікке көшкен. Кейіннен өрт барлық үш қабаттағы кабинеттерді шарпыды. ТЖД қызметкерлері екінші қабаттан бір әйелді құтқарды.

Сондай-ақ оқыңыз