Ұлдана Мырзуан ісі прокуратураға қайтарыла ма

Астана сотында қызмет барысында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның ісін прокуратураға қайтару туралы өтінішхат жолданды.
Қылмыстық істегі сотталушы Сәуле Жұбаниязованың адвокаты қылмыстық-процестік кодекстің 323-бабына сәйкес істі прокуратураға жолдау қажет деп санайтынын айтты. Адвокат іс аясында бірқатар сараптама жүргізу қажет екеніне сүйенген.
Алайда іске төрағалық етуші судья Меруерт Абаева бұл өтінішхатты қабылдамады. Сот мұндай шешімді қылмыстық істі қарау барысында сараптама жүргізуге, куәлерден жауап алуға болатынына сүйеніп қабылдаған.
Ұлдана Мырзуан ісі
Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасынан кейін қозғалған іс бойынша сот 18 тамызда басталды. Сәуле Жұбаниязова қылмыстық кодекстің 254-бабы (міндеттеріне адал қарамау) бойынша айыпталып отыр.
Ұлдана Мырзуанның заңды күйеуі Әділет Зейнелнің адвокаты сот барысында «жәбірленуші» статусынан бас тартатынын мәлімдеді.