Үкімет жеті айда Ұлттық қордан бөлінетін қаржының басым бөлігін жұмсап тастаған

2026 жылдың жеті айында республикалық бюджетке трансферт ретінде 2,8 трлн теңге түскен. Жылдық жоспар 3,6 трлн теңгені құрайтынын ескерсек, жоспарлы қаржының басым бөлігі жұмсалып қойғаны байқалады.
Бұл түсімдернің негізі Ұлттық қордан тартылған кепілдендірілген трансфертке тиесілі. Биыл үкімет Қазақстанның «қауіпсіздік қорынан» 2,77 трл теңге алуды ұйғарған.
Жеті айда соның 2,3 трлн теңгесі бюджетке аударылып, жұмсалып жатыр. Алдағы бес айда қордан тек 450 млрд теңге бөлінуі тіс.
Ұлттық қордан бөлек, ел қазынасына төмен түрған бюджеттерден 879,9 млрд теңге түседі деп жоспарланған.
Қаңтар-шілде аралығында республикалық бюджет кірісі 12,5 трлн теңгені құраса, шығысы 15,3 трлн теңгеге жеткен. Бюджет тапшылығы – 2,8 трлн теңге. 148 млрд теңге бюджет қаржысы игерілмеген.
Алдағы үш жылда Ұлттық қордан кепілді трансферттен бөлек, аса маңызды нысандар үшін қосымша 5 трлн теңге алынбақ.