Зеленский Илон Маскті «Бостандық» орденімен марапаттады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Илон Маск әлеуметтік желі
фото: коллаж Kursiv Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Украина президенті Владимир Зеленский Илон Маскті «Бостандық» орденімен марапаттады. Бұл туралы Украина президентінің әкімшілігі хабарлады.

Президент жарлығына сай Маскті «Украина мен АҚШ халқының арасындағы қарым-қатынасты дамытуға, адамдар өмірі мен еркіндігін сақтаудағы ерлігі үшін» марапаттаған.

Украинаның «Бостандық» ордені – 2008 жылы бекітілген елдегі ең жоғары мемлекеттік наградалардың бірі. Ол орденді елдің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға, демократияны дамытуға, реформаларды жүзеге асыруға және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қосқан ерекше үлесі үшін Украина азаматтары мен шетелдіктерге береді.

Бұл орденге ие болған танымал тұлғалардың қатарында Украинаның бұрынғы президенті Леонид Кравчук, Германияның экс-канцлері Ангела Меркель, Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон, Францияның экс-президенті Франсуа Олланд және АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден бар.

Бұған дейін Илон Маск Ресей мен Украина арасындағы соғыстың жақын арада аяқталатынына үміт білдірген. Ол Украинаның бұрынғы қорғаныс министрі Михаил Федоровтың сұхбатынан үзіндіге пікір білдіріп, «дұрыс әрекет жасауға тырысып жүрмін. Жақында бейбітшілік орнайды деп үміттенемін» деп жазған.

Оқи отырыңыз: «Маша мен Аю» мультфильміне тыйым салынады – Зеленский

Сондай-ақ оқыңыз