Әр бесінші депутат – бұрынғы мәжілісмен: Құрылтай құрамы қандай

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Құрылтай құрамы анықталды / фото: Нұрсұлтан Ерболаты / ЖИ көмегімен өңделді

Жаңа Құрылтайдың саяси салмағы бір партияға қарай анық ауысты. 145 депутаттық орынның 110-ын «Әділет» иеленді. Яғни залдағы әр төрт орынның үшеуінде осы партияның өкілі отырады. Қалған төрт партияның мандатын түгел қосқанда небәрі 35 орын шығады.

Kursiv.Media Құрылтай депутаттарының портретін жасап көрді. Жаңа депутаттардың орташа жасы, жынысы, сонымен қатар бұрынғы мәжілістен қалған депутаттардың тізімін жасадық.

Сайлауға жеті партия қатысқанымен, олардың бесеуі ғана 5 пайыздық межеден өтті. Қазақстан халық партиясы мен «Байтақ» Құрылтайға кіре алмады.

Құрылтай · 145 мандат

Партиялардан сайланған депутаттар

Партияны таңдаңыз: төменде сол саяси ұйымның Құрылтайдағы депутаттары көрсетіледі.

Әділет партиясының логотипі

«Әділет» партиясы

110 депутат

Авершин Константин Викторович
Адаев Ербол Дәненұлы
Адамбеков Тілектес Серікбайұлы
Аймағамбетов Асхат Қанатұлы
Аймағанова Айжан Талғатқызы
Алтай Абай
Атабаева Гүлзира Нұржанқызы
Атамқұлова Гүлназ Төреханқызы
Ахмедиев Дархан Мейрамұлы
Адамбек Кендебай Сарыбайұлы
Амантайұлы Жарқынбек
Әбдікешов Алмат
Әмірғалиев Мадияр Орынтайұлы
Әлімқұлов Бекжан Мухидинұлы
Әшімова Аяужан Тұрсынбекқызы
Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы
Бәденова Әсел Жанболатқызы
Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы
Басин Вадим Борисович
Батырбеков Ерлан Ғаділетұлы
Башымов Марат Советұлы
Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы
Беркімбаев Берік Серікұлы
Больгерт Евгений Андреевич
Бұршақов Сатыбалды Ересұлы
Байбеков Шалқар Заманбекұлы
Бәзенов Айрат Бәзенұлы
Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы
Бақытбекұлы Нұркен
Баялышбаев Елдос Қайыркенұлы
Годунова Наталья Николаевна
Дәдебай Айбек Арқабайұлы
Данилов Александр Сергеевич
Данағұлов Ербол Жеткергенұлы
Данбаева Жұлдыз Сейітқамзақызы
Ділдабек Дидарбек Жұмағалиұлы
Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы
Ералиев Бегалы Ералыұлы
Ерназар Шынасыл Жеңісұлы
Есімханов Сұңғат Қуатұлы
Ескендірова Ақерке Нұрғалиқызы
Елеусізова Бота Серікқызы
Ералиев Мағжан Абзалұлы
Ергешбек Нұрсадық Ергешбекұлы
Жансеңгіров Арман Серікұлы
Жаманқұлова Қарлығаш Қалибекқызы
Жамалов Бауыржан Салдарұлы
Жүкебаев Алмат Отаубайұлы
Жылқыбаева Ләззат Әуезханқызы
Зәкиева Динара Болатқызы
Имашева Снежанна Валерьевна
Қарабасова Лаура Шапайқызы
Қаринова Шолпан Таңатқызы
Қайырова Әсел Әнуарқызы
Қожаниязов Серік Салауатұлы
Кемалов Мейрамбай Тамабайұлы
Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы
Қожаев Марат Шәдетханұлы
Қожахметова Ләззат Таймырқызы
Кузиева Замира Закировна
Кучинская Юлия Владимировна
Қамзабекұлы Дихан
Оспанбеков Әмірбек Қанатбекұлы
Оспанов Шота Сәбитбекұлы
Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы
Перепечина Ольга Валентиновна
Петров Константин Викторович
Пономарёв Сергей Михайлович
Пулатов Шерзод Аббозович
Рамазанова Наталья Сергеевна
Рожин Максим Николаевич
Рымжанов Мәди Рысбекұлы
Савельева Татьяна Михайловна
Сайыров Ерлан Бияхметұлы
Сарым Айдос Әміроллаұлы
Смышляева Екатерина Васильевна
Сүгірбай Аят Исатайұлы
Сулаймонова Русана Русланқызы
Сүлейменова Айсұлу Қанатқызы
Сағынов Замир Садықұлы
Себасов Марат Бақбергенұлы
Семидоцких Елена Александровна
Темірбаева Айжан Маратқызы
Тен Ирина Сергеевна
Тоқтамұрат Армангүл
Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы
Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы
Тамабек Әбілқайыр Ғалымұлы
Тілемісов Тұрарбек Тілемісұлы
Теренченко Илья Сергеевич
Тоқшылық Ерлан Бейсенұлы
Толыбаев Нұрлан Әлішерұлы
Шапақ Үнзила
Шаталов Никита Сергеевич
Шибұтов Марат Мақсұмұлы
Щербаков Станислав Александрович
Маралов Дәурен Әділмырзаұлы
Мұсылманбек Ерқанат
Мұхамбедиев Мұратбек Қайырсәпиұлы
Медеуова Дана Теміртайқызы
Нахбаева Гүлісхан Сайфулинқызы
Нарымбетов Бахадыр Мадалыұлы
Найымбекова Айжан Ізбасханқызы
Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы
Ниязалиев Нұржан Әуезұлы
Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы
Халықов Арман Қобыландыұлы
Хайруллин Арман Ғабидоллаұлы
Хайруллиев Мұса Қарашаұлы
Ысқақова Айжан Амангелдіқызы
Ауыл партиясының логотипі

«Ауыл» партиясы

10 депутат

Қайрат Айтуғанов
Шахмардан Байманов
Захира Биғалиева
Серік Егізбаев
Мұрат Еркібаев
Ажар Қажыбекова
Владимир Киян
Алмас Мұхаметов
Динара Райханова
Рабиға Тоқсейітова
ЖСДП логотипі

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия

8 депутат

Асхат Рахымжанов
Мақсұт Насыбулов
Нұрайнаш Камалова
Лариса Ли
Аслан Құлмағамбетов
Арман Ақылбай
Наурыз Сайлаубай
Ажар Сағандықова
Ақ жол партиясының логотипі

«Ақ жол» демократиялық партиясы

8 депутат

Дания Еспаева
Дәурен Ахметжаев
Бақтыбек Бибаев
Асылхан Қожахметов
Юрий Ли
Олжас Нұралдинов
Мейраш Шынасилова
Ермекқали Юсупов
Respublica партиясының логотипі

Respublica партиясы

9 депутат

Бекжан Айтқұлов
Руслан Ыдырысов
Мейірхат Қасымбаев
Олжас Құспеков
Динара Наумова
Екатерина Смолякова
Нұргүл Тау
Махамбет Хасенов
Айдарбек Қожаназаров
Дерек: партиялардың саяси кеңестері Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

«Әділеттің» үстемдігі нені білдіреді?

Қарапайым көпшілік үшін 145 депутаттың кемінде 73-інің қолдауы жеткілікті. Ал орындардың үштен екісі 97 мандатқа тең. «Әділетте» 110 депутат бар.

Демек партияның фракциясы бір ұстанымда дауыс берсе, көптеген шешімді өткізу үшін өзге партиялардың көмегіне мұқтаж болмайды. Бұл «Әділетке» Құрылтайдың күн тәртібін қалыптастыру, заң жобаларын талқылау және негізгі дауыс берулерге айтарлықтай ықпал етуге мүмкіндік береді.

Ал қалған төрт партия оппозициялық немесе балама пікір ұсынатын шағын фракциялар ретінде жұмыс істейді. Олардың ішіндегі ең көбі «Ауылда» – 10 депутат. Respublica-да тоғыз, ЖСДП мен «Ақ жолда» сегіз депутаттан бар.

Құрылтай депутаттарының портреті

Жас және жыныс құрамы

145 депутат
Орташа жас ≈48 жас 123 өмірбаян бойынша
Ең жас депутат 28 жас Динара Наумова
Ең үлкені 65 жас Дания Еспаева

Жыныс құрамы

Ер адам96 · 66,2%
Әйел49 · 33,8%
Жас көрсеткіші ашық өмірбаяны бар 123 депутат бойынша есептелді; 22 депутаттың нақты жасы көрсетілмеген. Дерек: Sailau 2026. Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Әр үшінші депутат – әйел

Құрылтайға сайланған 145 депутаттың 49-ы — әйел, 96-сы — ер адам. Осылайша әйелдердің үлесі 33,8%-ды, ерлердің үлесі 66,2%-ды құрайды.

Басқаша айтқанда, Құрылтайдағы әр үшінші депутат — әйел. Дегенмен ерлердің саны әйелдерден екі есе көп.

Сайлау алдында тіркелген барлық 545 кандидаттың арасында 172 әйел болған. Бұл жалпы кандидаттардың 31,6%-ына тең еді. Сайланған депутаттар арасында әйелдердің үлесі сәл жоғары болып шықты. ОСК мәліметінше, сайлауға қатысқан барлық кандидаттың орташа жасы 45,4 жасты құраған. Бірақ бұл көрсеткіш сайланған 145 депутатқа емес, депутаттыққа үміткер болған барлық кандидатқа қатысты.

Ең жас депутат — 28 жаста

Ашық жарияланған өмірбаяндар бойынша жаңа Құрылтай депутаттарының орташа жасы шамамен 48-ді құрайды. Бұл есеп нақты жасы көрсетілген 123 депутаттың дерегіне сүйеніп жасалды. Қалған 22 депутаттың өмірбаянында туған жылы немесе нақты жасы көрсетілмеген.

Құрылтайдағы ең жас депутат — Respublica өкілі Динара Наумова. Ол 28 жаста. Наумова бұған дейін Мәжіліс депутаты болып, инклюзивті қоғамды дамыту және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысқан.

Ең жасы үлкен депутат — «Ақ жол» партиясының төрағасы Дания Еспаева. Ол 65 жаста. Еспаева банк саласында ұзақ жыл еңбек етіп, Мәжілістің бірнеше шақырылымында депутат болған. Ол Қазақстан тарихында президент сайлауына кандидат ретінде қатысқан алғашқы әйел ретінде де белгілі.

Мәжілісте депутат болғандардың да саны көп

Жаңа парламенттің атауы өзгергенімен, оның құрамында бұрыннан таныс саясаткерлер аз емес. 145 депутаттың 32-сі бұған дейін Мәжілісте отырған. Бұл – Құрылтай құрамының 22%-ы немесе шамамен әр бесінші депутат. Оның ішінде 28 адам Мәжілістің VIII шақырылымында жұмыс істеген.

Бұрынғы мәжілісмендердің ең көбі «Әділет» партиясында — 20 адам. Олар: Константин Авершин, Тілектес Адамбеков, Асхат Аймағамбетов, Жарқынбек Амантайұлы, Жанарбек Әшімжанов, Марат Башымов, Нұрлан Дулатбеков, Динара Зәкиева, Снежанна Имашева, Юлия Кучинская, Сергей Пономарёв, Максим Рожин, Татьяна Савельева, Ерлан Сайыров, Айдос Сарым, Екатерина Смышляева, Арман Халықов, Үнзила Шапақ, Никита Шаталов және Айжан Ысқақова.

Respublica-дан Мәжілісте тәжірибесі бар бес депутат өтті: Айдарбек Қожаназаров, Динара Наумова, Екатерина Смолякова, Нұргүл Тау және Олжас Құспеков.

ЖСДП құрамындағы бұрынғы мәжілісмендер – Асхат Рахымжанов, Наурыз Сайлаубай және Ажар Сағандықова. «Ақ жолдан» Дания Еспаева, Юрий Ли мен Олжас Нұралдинов бұрын Мәжілісте отырған. Ал «Ауыл» партиясында мұндай тәжірибесі бар жалғыз депутат – Серік Егізбаев.

Құрылтайдағы ең тәжірибелі парламентарийлердің қатарында Дания Еспаева мен Снежанна Имашева бар. Екеуі де Мәжілістің VI, VII және VIII шақырылымдарында депутат болған.

Осылайша жаңа Құрылтай толықтай жаңа адамдардан құралған жоқ. Дегенмен оның 113 депутаты бұрын Мәжілісте отырмаған. Яғни парламенттік тәжірибесі бар саясаткерлер қатары азайып, негізгі орынды жаңа тұлғалар иеленді.

Сондай-ақ оқыңыз