Алматыда бес автобус бағытының қозғалысы уақытша өзгереді

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
В Алматы задержали троих участников драки в автобусе
Алматыда бес автобус бағытының қозғалысы уақытша өзгереді / Фото: Алматы әкімдігі

28 тамыздан бастап Алматыда Рысқұлов көшесінің бір бөлігін жөндеуге байланысты бес автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Өзгерістер № 4, № 22, № 52, № 212 және № 226 автобус бағыттарына қатысты. Бұл Ақжар шағынауданында сумен жабдықтау және канализация желілерін салу жұмыстарының ішінара аяқталуына және жөндеудің қорытынды кезеңіне – Рысқұлов көшесінің Жандосов көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі бөлігіне асфальтбетон жабынын төсеуге байланысты.

№ 4 бағыт

Оңтүстік бағытта: Яссауи көшесі — Қонаев көшесі — Рысқұлов көшесі — Жандосов көшесі — Гроза көшесі — одан әрі сызба бойынша.

Солтүстік бағытта: Гроза көшесі — Қонаев көшесі — Яссауи көшесі — одан әрі сызба бойынша.

№ 22 бағыт

Батыс бағытта: Қонаев көшесі — Рысқұлов көшесі — Жандосов көшесі — одан әрі сызба бойынша.

Шығыс бағытта: Алатау көшесі — Абай даңғылы — Әшімов көшесі — Айтматов көшесі — Әбділдин көшесі — Дәулеткерей көшесі — Жандосов көшесі — Гроза көшесі — Қонаев көшесі — одан әрі сызба бойынша.

№ 52 бағыт

Батыс бағытта: Жандосов көшесі — Қонаев көшесі — Рысқұлов көшесі — Жандосов көшесі — одан әрі сызба бойынша.

Шығыс бағытта: өзгеріссіз.

№ 212 бағыт

Батыс бағытта: Жандосов көшесі — Қонаев көшесі — Рысқұлов көшесі — Жандосов көшесі — одан әрі сызба бойынша.

Шығыс бағытта: өзгеріссіз.

№ 226 бағыт

Батыс бағытта: Жандосов көшесі — Қонаев көшесі — Рысқұлов көшесі — Жандосов көшесі — одан әрі сызба бойынша.

Уақытша өзгерістер жөндеу жұмыстары жүргізілетін кезеңде қолданыста болады.

Сондай-ақ оқыңыз