«Андерлехт» – «Қайрат» ойынын қайдан көруге болады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Анлерлехт – Қайрат тікелей трансляция / коллаж: kursiv.media

27 тамыздан 28 тамызға қараған түні Брюссельдегі «Констант Ванден Сток» стадионында УЕФА Европа Лигасы плей-офф раундының қарымта ойыны өтеді. Алматылық «Қайрат» бельгиялық «Андерлехтпен» қонақта ойнайды, деп хабарлайды Kursiv.Media

Матч Алматы уақытымен сағат 23:30-да басталады. Қазақстандық жанкүйерлер ойынды «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен, сондай-ақ арнаның ресми сайты арқылы көре алады.

Алматыда өткен алғашқы кездесу алаң иелері үшін сәтсіз аяқталған еді. Орталық стадионда өнер көрсеткен «Қайрат» бельгиялық ұжымға 0:3 есебімен жол берді. Ойынның 2-минутында Яакко Оксанен байқаусызда өз қақпасына гол соғып алса, кейіннен «Андерлехт» сапынан Лукаш Амброс (24-минут) пен Даниил Сикан (45+1-минут) мергендік танытты.

Осы текетірестің жеңімпазы Еуропа Лигасының негізгі кезеңіне жолдама алса, жеңілген ұжым маусымды Конференция Лигасының жалпы кезеңінде жалғастырады.

Еске сала кетейік, «Қайрат» биылғы еурокубок маусымын Чемпиондар Лигасынан бастаған болатын. Алайда 3-ші іріктеу кезеңінде Болгарияның «Левски» клубынан ұтылып (0:2), Еуропа Лигасына түскен еді.

Оқи отырыңыз: Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне қатысатын барлық клуб белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз