Астанада терезеден дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды

Астанада әлеуметтік желідегі атышулы бейнежазбадан кейін ер адам 10 тәулікке қамауға алынды. Кадрларда оның көпқабатты үйдің терезесінен кіші дәрет сындырып тұрғаны көрінеді, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Әрекет 24 тамызға қараған түні Нұра ауданында таспаға тартылған. Куәгерлер түсірген роликтер пабликтерде кең тарап кетті.
Әлеуметтік желідегі жарияланымдарға полиция назар аударып, көп ұзамай тәртіп бұзушы табылды. Ол Ақмола облысының 43 жастағы тұрғыны болып шықты.
Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлағандай, ер адам сотта кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді.
«Оның әрекеті ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық ретінде сараланды. Сот құқық бұзушылықтың сипатын, қоғамды сыйламаушылықты, сондай-ақ бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейінгі қоғамдық резонансты ескерді. Нәтижесінде ер адамға 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды», — делінген сот хабарламасында.
Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.