Чемпиондар лигасы: «Барселона» «Сабахпен» кездесу үшін Бакуге келеді

Монакода Чемпиондар лигасының 2026/27 жылғы маусымының негізгі кезеңіне жеребе тартылды. Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов өнер көрсететін Әзербайжанның «Сабах» клубы өз тарихында тұңғыш рет турнирдің бұл кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Kursiv.Sport.
Бакулік клуб негізгі кезеңде «Барселона», «Боруссия Дортмунд», «Наполи» және «Славияны» өз алаңында қабылдаса, «Арсенал», «Манчестер Юнайтед», «Вильярреал» және «Викинг» командаларымен сырт алаңда кездеседі.
Литвалық маман Вальдас Дамбраускас жаттықтыратын «Сабах» негізгі кезеңге өту үшін іріктеудің 4 кезеңінен өтіп, ТНС, КуПС, «Орхус» және плей-оффта израильдік «Хапоэльді» (Беэр-Шева) ұтты.
Регламент бойынша 36 команданың әрқайсысы 8 матчтан өткізеді. Алғашқы 8 орын алған ұжым бірден 1/8 финалға жолдама алса, 9-24 орындардағы клубтар плей-оффтың өту матчтарында бақ сынайды. Турнирдің финалы 2027 жылдың 5 маусымында Мадридтегі «Метрополитано» стадионында өтеді.
Жарыстың негізгі кезеңі 8 қыркүйекте басталып, 27 қаңтарда мәресіне жетеді.