Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне қатысатын барлық клуб белгілі болды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
фото: UEFA

УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/2027 жылғы маусымының негізгі кезеңінде бақ сынайтын барлық 36 ұжым анықталды.

Турнирге қатысушылардың басым бөлігі – 29 клуб өз елдерінің ұлттық чемпионаттарының қорытындысы бойынша тікелей жолдама алды. Ал қалған 7 ұжым іріктеу кезеңі арқылы жарысқа жол тартты. Жалпы кезеңнің соңғы жолдамаларына «Фенербахче», АЕК, «Викинг» және «Слован» командалары ие болды.

Еуропаның ең беделді клубтық турнирінде бақ сынайтын ұжымдардың толық тізімі:

  • Англия: «Арсенал», «Манчестер Сити», «Манчестер Юнайтед», «Астон Вилла», «Ливерпуль»
  • Испания: «Барселона», «Реал Мадрид», «Вильярреал», «Атлетико Мадрид», «Бетис»
  • Италия: «Интер», «Наполи», «Рома», «Комо»
  • Германия: «Бавария», «Боруссия Дортмунд», «РБ Лейпциг», «Штутгарт»
  • Франция: ПСЖ, «Ланс», «Лилль»
  • Нидерланды: ПСВ, «Фейеноорд»
  • Португалия: «Порту», «Спортинг»
  • Түркия: «Галатасарай», «Фенербахче»
  • Норвегия: «Будё-Глимт», «Викинг»
  • Бельгия: «Брюгге»
  • Чехия: «Славия»
  • Украина: «Шахтер»
  • Азербайджан: «Сабах»
  • Австрия: ЛАСК
  • Грекия: АЕК
  • Словакия: «Слован»

Ереже бойынша, жеребе тартылу алдында командалар 4 себетке бөлінеді. Әр клуб әр себеттегі қарсыластарымен екі кездесуден өткізеді. Турнирдің жеребе тарту рәсімі бүгін, 27 тамыз күні өтеді.

Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеніңде алматылық «Қайрат» футбол клубы да ойнап, үшінші кезеңде болгариялық «Левскиге» жол берген еді.

Сондай-ақ оқыңыз