Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы екінші ойынын өткізді (видео)
Жарияланды

«Бернли» футбол клубы Англия лигасы кубогының 1/32 финалы аясында сырт алаңда «Брэдфорд Ситиге» есе жіберіп, турнирдегі жолын аяқтады.
Брэдфордтағы «Вэлли Пэрейд» стадионында өткен кездесудің негізгі уақытында есеп ашылмай, 0:0 есебімен тең аяқталды. Регламентке сәйкес, матч соңы бірден пенальти сериясына ұласып, онда алаң иелері 4:2 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев мансабында алғаш рет «Бернлидің» негізгі құрамында алаңға шықты. 18 жастағы футболшы 80 минут өнер көрсетіп, қарсылас қақпасына екі соққы бағыттады және 35 пастың 30-ын дәл орындады.
Еске сала кетейік, Дастан «Бернлиге» «Челсиден» жалға беру құқығымен ауысқан еді. Бұған дейін, алғашқы сұхбатын беріп үлгерді.