
Актриса Сая Оразғалиева Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында жеке өміріндегі жаңалықтарын айтып, отбасылық жоспарлары туралы сыр шертті.
Актрисаның айтуынша, қазіргі сүйіктісі – фитнес-жаттықтырушы Рүстем Алмағамбетов. Екеуі алғаш рет фитнес залында танысып, спорт пен салауатты өмір салты арқылы бір-бірінің жүрегіне жол тапқан.
Сұхбат барысында Сая отбасындағы сыйластық пен тыныштықтың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар ол ана бақытын қайта сезінгісі келетінін де жасырмады. 38 жастағы актриса қыз тууды армандап жүргенін және денсаулығын тексертіп, осы жоспарын іске асыруды көздеп отырғанын жеткізді.
Бұған дейін, Сая Оразғалиева Италияға барып, туған күнін жападан жалғыз қарсы алған еді.