Қазақстандықтар Geely-дің гибрид көлігін көбірек таңдай бастады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Geely Galaxy EX5 EM-i Қазақстандағы ең көп сатылған гибридті көлік атанды
Қазақстандағы ең көп сатылған гибридті көлік / фото: geely-galaxy.kz

2026 жылдың шілде айында Geely Galaxy EX5 EM-i кроссовері Қазақстандағы ең танымал гибридті көлік атағына ие болды. Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметінше, бір айдың ішінде бұл модельдің 255 данасы сатылған. Бұл маусым айымен салыстырғанда шамамен 60%-ға артық.

Жыл басынан бері Geely Galaxy EX5 EM-i сатылымы 910 бірлікке жетті. Тұтынушылардың бұл көлікке деген қызығушылығының артуы кездейсоқ емес. Себебі, қазақстандықтар қала ішінде үнемді, ал алыс жолда ауқымды жүріс қорын қамтамасыз ететін гибридті қондырғыларға жиірек таңдау жасап жатыр.

Қазақстанда құрастырылған алғашқы гибрид

Geely Galaxy бренді 2025 жылы «Allur» қазақстандық автомобиль компаниясының портфеліне қосылған болатын. Ал EX5 EM-i моделінің өндірісі Қостанай зауытында жолға қойылды. Яғни, бұл елімізде дайындалған алғашқы жеңіл гибридті автокөлік.

Негізгі техникалық сипаттамалары:

  • Жүріс қоры: Толық бак бензин мен зарядталған батарея арқылы 1 003 шақырымға дейін қашықтықты жүріп өте алады. Оның ішінде 100 км-ге дейін тек электр қуатымен жүреді.
  • Жанармай шығыны: Аралас циклде 100 шақырымға небәрі 2,4 литр жұмсайды. Ал батареяны үнемі зарядтамай жүргеннің өзінде шығын шамамен 6–6,3 литрді құрайды.
  • Қуаты: Электр қозғалтқышының қуаты 218 ат күшіне тең.
  • Қауіпсіздік: Көлік заманауи қауіпсіздік жүйелерімен, электронды көмекшілермен және цифрлық функциялармен жабдықталған.

Бағасы мен сатып алу шарттары

«Geely Galaxy көліктеріне деген сұраныстың артуы тек оның заманауи технологияларымен ғана емес, сонымен қатар қолжетімді сатып алу шарттарымен де байланысты. Клиенттер үшін арнайы бағалар, бастапқы жарнасыз несие бағдарламалары және Trade-in жүйесі қарастырылған», — деп атап өтті компания өкілдері.

Бүгінгі таңда арнайы ұсыныс бойынша Geely Galaxy EX5 EM-i көлігінің бастапқы бағасы 12 099 000 теңгеден басталады.

Сондай-ақ оқыңыз