Леңгірде әйелді оңдырмай ұрған күдіктілер ұсталды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
pexels, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Түркістан облысы Леңгір қаласында үйге ұрлыққа түсіп, әйелді оңдырмай ұрған күдіктілер ұсталды.

Леңгірде түнгі уақытта екі белгісіз адам жергілікті тұрғынның үйіне кіріп, бір сағат бойы аяусыз ұрып-соғып, телефонын алып кеткен еді.

«Тәжірибелі криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізіп, күдіктілердің жеке басын және олардың орналасқан жерін анықтады. Күдікті ретінде Төлеби ауданының екі тұрғыны ұсталып, қамауға алынды», – делінген полиция ақпаратында.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Айта кететін жайт, беті-аузы көгеріп, ісіп кеткен әйелдің видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Видеода орта жастағы әйелдің кеудесі түгел қанға боялғаны көрінеді. Өңірлік полиция департаменті  әйелдің жағдайы тұрақты, денсаулығыне еш қауіп жоқ екенін хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз