Астана мен Эр-Рияд арасында тікелей рейс ашылмақ

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы тұрақты әуе рейстерінің саны артады. Екі ел аптасына орындалатын рейстер санын 28-ден 70-ке дейін көбейтуге келісті. Бұл туралы Эр-Риядта Қазақстан мен Сауд Арабиясы үкіметтері арасында өткен жиында белгілі болды.
Жаңа келісім екі ел арасындағы тұрақты әуе қатынасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Оның аясында әуе тасымалдаушылары Астана мен Эр-Рияд арасында тікелей рейстер ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Сауд Арабиясының басқа қалаларына қатынайтын бағыттардың санын көбейту көзделген.
Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа әуе бағыттары Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы сауда-экономикалық және іскерлік байланыстарды дамытуға, инвестиция тартуға, сондай-ақ туризм мен мәдени ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Рейс кешіксе, жолаушылар билетін онлайн ауыстыра алады: FlyArystan-да жаңа сервис