30,5 трлн теңге: халық депозиттегі ақшасын қай банкте сақтайды

Қазақстан халқының депозитте жинаған ақшасы биыл рекорд орнатып, 30,5 трлн теңгеге жетті. Бір айда халықтың депозитте жинаған ақшасы 400 млрд теңгеге көбейген.
Ал заңды тұлғалардың қаржысы 21,1 трлн теңгені құрайды. Заңды тұлғалардың да бір айдаға қаржысы көбейіп, компаниялар депозитке қосымша 600 млрд теңге салған.
Ұлттық банк дерегіне сәйкес, қазақстандықтардың салымы 5 ірі банкте шоғырланған.
Нарық көшін 8,1 трлн теңгемен «Қазақстан Халық Банкі» бастап тұр. Үздік үштік қатарын 7,8 трлн теңгемен – Kaspi Bank, 3,7 трлн теңгемен – «Банк ЦентрКредит» және 3,4 трлн теңгемен «Отбасы банк» жалғастырады.
Сектордың орта буынында 1,5 трлн теңгемен ForteBank, 1,1 трлн теңгемен «Еуразиялық банк» және 1 трлн теңгеден астам көрсеткішпен «Фридом Банк Қазақстан» орнықты.
Олардан кейін көрсеткіші 865 млрд теңге RBK Банкі, 863 млрд теңге – Bereke Bank, 727 млрд теңге – Alatau City Bank орныққан. Сонымен қатар 633 млрд теңге жинақпен Home Credit Bank және 358 млрд теңгемен Altyn Bank жайғасқан.
Басқа да шағын банктерде халық депозит ашқанымен, олардың үлесі аз.
Өткен айдан банктер депозиттердің пайыздық мөлшерлемелерін біртіндеп төмендете бастады.