Ақтөбе облысында орман өртін тікұшақпен сөндіріп жатыр

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Ақтөбе облысында орман өртін тікұшақпен сөндіріп жатыр / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Ақтөбе облысында екінші тәулік бойы орман өртімен күрес жүріп жатыр, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Экология министрлігі хабарлауынша, өрт 27 тамызда тіркелді. Өрт ошағы әуе патрульдеуінің, ерте анықтау жүйелерінің және мемлекеттік орман күзетінің тұрақты бақылауының арқасында уақытында табылды.

Өртті сөндіруге орман күзетінің қызметкерлері, авиациялық өрт сөндіру қызметінің десантшылары, «Қазавиаорманқорғау» тікұшақтары мен арнайы техникасы тартылды. Оқиға орнына қосымша күштер де жіберілді.

«Жедел әрекеттердің арқасында өрт елді мекендерге және басқа орман алқаптарына тараған жоқ. Қазір мамандар өртті толық оқшаулау және жою бойынша жұмыстарды жалғастыруда», – деп хабарлады ведомство.

Экология министрлігі жағдай бақылауда екенін атап өтті. Дегенмен, өрттің қанша аумаққа шарпығаны нақтыланбайды.

Сондай-ақ оқыңыз