Аустралияның бүкіл аумағында эвтаназия заңдастырылды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Әйел ауруханаға енесімен бірге келген / фото ЖИ арқылы жасалды, бильд-редактор: Дастан Шанай
Аустралияның бүкіл аумағында эвтаназия заңдастырылды / фото ЖИ арқылы жасалды, бильд-редактор: Дастан Шанай

Эвтаназия Аустралияның барлық штаттары мен аумақтарында заңдастырылды деп хабарлайды Кursiv.Media.

ABC басылымының ақпаратына сүйенсек, солтүстік аумақтың парламенті медициналық көмекпен өмірден өз еркімен кету туралы заңды мақұлдады. Енді эвтаназия бүкіл Аустралия бойынша заңды болды.

Құжатқа сәйкес, бұл процедураны дәрігерлердің болжамы бойынша өмір сүруіне бір жылдан аспайтын уақыт қалған азаматтар пайдалана алады. Кейбір депутаттар бұл мерзімді екі жылға дейін ұзартуды ұсынды. Бұл ретте медицина қызметкерлеріне пациентпен өмірден өз еркімен кету мүмкіндігі туралы талқылауды бірінші болып бастауға тыйым салынады.

Солтүстік аумақ үкіметінің басшысы заңның қабылдануы ең үлкен әділетсіздікті түзетуге және тұрғындар үшін маңызды реформа жүргізуге мүмкіндік бергенін мәлімдеді.

Солтүстік аумақ Аустралиядағы ерікті эвтаназия туралы заңды қабылдаған бірінші және соңғы юрисдикция болып табылады. 1995 жылы бұл процедура заңдастырылған болатын, бірақ екі жылдан кейін федералды үкімет оның күшін жойды.

Айта кетейік, 19 тамызда Франция президенті Эммануэль Макрон эвтаназияны заңдастыратын «Өлімге көмектесу құқығы туралы» заңға қол қойды.

Сондай-ақ оқыңыз