Депутаттар Айбек Дәдебайдың кандидатурасына дауыс беруді бастады

Құрылтайдың I шақырылымының алғашқы пленарлық отырысында депутаттар Айбек Дәдебайдың бір палаталы парламент төрағалығына дауыс беруді бастады.
Құрылтай төрағасын сайлау тікелей жасырын дауыс беру арқылы өтеді. Алдымен депутаттар арасынан Санақ комиссиясы құрылды. Комиссия дауыс беру барысын және дауыстарды санау үдерісін қадағалайды. Содан кейін депутаттар жасырын дауыс беріп, Құрылтай спикерін таңдайды.
Бұған дейін оның кандидатурасын бұл қызметке президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған еді.
«Сіздер бұл тұлғаны жақсы білесіздер. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет етті. Тәжірибесі мол деп айтуға болады. Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді. Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын. Құрылтай депутаттарынан Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын қолдауды сұраймын», – деген еді президент.
Оқи отырыңыз: Құрылтай төрағасына ұсынылған Айбек Дәдебай кім