Петропавловда ер адам қабылдау кезінде дәрігерді ұрған

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
полиция
Петропавловда ер адам қабылдау кезінде дәрігерді ұрған / Фото: ІІМ

Петропавловда 51 жастағы пациент дәрігердің ескертуінен кейін оған соққы жұмсады,  деп хабарлайды Кursiv.Media.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, оқиға 17 тамызда таңертең қаладағы емханалардың бірінің дәлізінде орын алған.

Полиция мәліметінше, ер адам қабылдауға келіп, дәрігермен өрескел түрде сөйлескен. Мәлімдемеге сәйкес, медицина қызметкерінің ескертуінен кейін пациент агрессия танытып, оның бетінен ұрған.

«Қызметтік міндеттерін атқару кезінде медицина қызметкеріне қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл – өңірде тіркелген медқызметкерге қатысты күш қолданудың екінші жағдайы», – деді СҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әлібек Қожахметов.

Яғни Шал ақын ауданында мас күйдегі ер адам ЖКО-дан кейін өзіне көмек көрсеткен медициналық бикеге соққы жұмсаған. Сот оны 1,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім етті.

Айта кетейік, шілдеде Қостанайда 70 жастағы ер адам қызметтік міндеттерін атқару кезінде медицина қызметкеріне қол көтеріп, қоқан-лошқы жасап, балағаттағаны үшін жазаланған еді.

2026 жылы 7 наурызда Қазақстанда медицина қызметкерлеріне қатысты физикалық күш көрсету мен қоқан-лоққы жасағаны үшін жазалау туралы Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер өз күшіне енді.  

Сондай-ақ оқыңыз