Президент Құрылтай төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Айбек Дәдебай / фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясында заң шығарушы органның төрағалығына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды.

«Ең алдымен, Құрылтайдың басшылық құрамын сайлап, құрылымын қалыптастыру қажет. Өздеріңізге мәлім, Конституцияның 57-бабына сәйкес Құрылтай Төрағасының лауазымына кандидатураны Президент ұсынады. Мен жауапкершілігі зор бұл лауазымға Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынамын», – деді Тоқаев.

Президент Айбек Дәдебайдың мемлекеттік басқару жүйесіндегі мол тәжірибесіне тоқталды.

«Сіздер бұл тұлғаны жақсы білесіздер. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет етті. Тәжірибесі мол деп айтуға болады. Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді. Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын. Құрылтай депутаттарынан Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын қолдауды сұраймын», – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін 28 тамыз күні Астанада президент қатысуымен Құрылтайдың алғашқы сессиясы өтті.

Сондай-ақ оқыңыз