«Қайрат» Конференция лигасында ойнайды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Чемпионам Казахстана не удался реванш в Брюсселе
Фото: Қайрат ФК

27 тамыздан 28 тамызға қараған түні алматылық «Қайрат» Еуропа лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы төртінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында бельгиялық «Андерлехтке» жол берді. Еске сала кетейік, Алматыдағы «Орталық» стадионда өткен алғашқы кездесу 0:3 есебімен Брюссель ұжымының пайдасына аяқталған болатын.

Карымта ойынның бірінші таймының соңында доп алматылықтардың жартылай қорғаушысы Олжас Байбектің қолына тиіп, төреші пенальти белгіледі. 45+2-минутта айып добын орындауға алаң иелерінің шабуылшысы Михайло Цветкович шығып, Шерхан Қалмырза қорғаған қақпаның оң жақ төменгі бұрышын дәл көздеп, есеп ашты.

53-минутта «Андерлехт» басымдығын арттырды: шабуылшы Данила Сикан жеке шеберлігін көрсетіп, гол соқты. Ал 71-минутта бельгиялық қорғаушы Джулиан Бьянкон бурұштамадан берілген допты баспен бағыттап, есепті 3:0-ге жеткізді.

Осылайша, екі матчтың қорытындысы бойынша жеңілген «Қайрат» Конференция лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Алматылық клуб қазан мен желтоқсан аралығында кемінде 6 кездесу өткізеді.

Жеребе тастау рәсімі бүгін, 28 тамызда Қазақстан уақытымен сағат 16:00-де өтеді. Жалпы кезеңде 36 команда бақ сынайды, олардың 24-і плей-офф сатысына шығады.

Сондай-ақ оқыңыз