«ҚазТрансОйл» топ-менеджерлері былтыр 405 млн теңге сыйақы алған

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

«ҚазТрансОйл» ұлттық құбыр компаниясының топ-менеджерлері былтыр 405 млн теңге сыйақы алды.

Бұл туралы Қазақстан қор биржасына жолданған хабарламада жазылған.

«2025 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ атқарушы органыныңмүшелеріне төленген сыйақының жиынтық мөлшері 405 121 729 (төрт жүз бес миллион жүз жиырма бір мың жеті жүз жиырма тоғыз) теңгені құрағанын хабарлайды», – делінген хабарламада.

405 млн теңге басқарма құрамына кіретін 7 адамға төленген. Компания басшылары былтыр алған сыйақы 2024 жылмен салыстырғанда біршама азайған. 2024 жылы мекеме топ-менеджерлеріне жарты млрд теңгеге жуық ақша төледі.

«ҚазТрансОйл» АҚ — «ҚазМұнайГаз» ҰК» тобына кіретін, ұзындығы 5,2 мың шақырымды құрайтын магистральды мұнай құбырлары ұлттық операторы.   Былтыр компания акционерлеріне 45,4 млрд теңге дивиденд төледі.

Сондай-ақ оқыңыз