Құрылтай депутаттары ант беріп жатыр (видео)
Жарияланды

І шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы отырысы басталып, депутаттыр ант беріп жатыр. Құрылтай 145 депутаттан тұрады.
Бүгін президенттің қатысуымен Құрылтайдың бірінші сессиясы өтіп, Тоқаев Құрылтай төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды.
Құрылтай сайлауы
Сайлау 23 тамызда өтті. Нәтижесінде бес саяси партия парламентке өтті.
Дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттық мандаттар саяси партиялар арасында төмендегідей тәртіппен бөлінді:
- «Әділет» партиясы – 110 мандат;
- «Ауыл» партиясы – 10 мандат;
- «Respublica» партиясы – 9 мандат;
- «Ақ жол» демократиялық партиясы – 8 мандат;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 8 мандат.