Трамп өзін АҚШ-тың жалғыз «ең ұлы» президенті деп атады

АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық президенттердің рейтингін жариялап, өзін «Ең ұлы» санатына жатқызды.
Ол бұл кестені Truth Social желісінде жариялады.
Авраам Линкольн, Джордж Вашингтон, Франклин Рузвельт, Вудро Вильсон, Томас Джефферсон және Эндрю Джексон одан бір саты төмен орналасқан. Оларды Трамп жай ғана «Ұлы» санатына жатқызыпты.
Джо Байден мен Барак Обама «Сәтсіз» тобына түсті. Олармен бірге бұл санатқа Улисс Грант, Уоррен Гардинг және Джимми Картер де кірді.
Бұған дейін америкалық президенттердің сарапшылар жасаған рейтингтерінде Трамп керісінше, соңғы орындардың бірінде болған. 2018 жылы Хьюстон университеті жүргізген мамандар сауалнамасының қорытындысы бойынша, ол 44-орынмен соңғы орынға жайғасқан еді.
Мұның алдында Трамп әкімшілігі визаларға өтініш қабылдауды уақытша тоқтатқан болатын.