Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді

Жарияланды
Нұрай Серікбайдың соты өтіп жатыр/фото: Instagram, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс апелляциялық сатыда қайта қаралады. Бірінші сатыдағы сот өмір бойына бас бостандығынан айырған Шерхан Аймаханның қорғаушылары апелляциялық шағым түсірді.

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады.

«Шағымды зерделеп, оған қарсы пікір келтіремін. Енді алдағы уақытта апелляциялық сот отырыстары өтеді», – деді адвокат.

Threads жазбасын ашу

Апелляциялық отырыстың нақты күні әзірге жарияланған жоқ. Үкім апелляциялық сатыда қаралып болғанға дейін заңды күшіне енбейді.

13 тамызда Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шерхан Аймаханды аса қатыгездікпен адам өлтіру, некеге тұруға мәжбүрлеу және сталкинг баптары бойынша кінәлі деп таныды. Қылмыстар жиынтығы бойынша оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар сот Аймаханнан Нұрайдың отбасына 25 млн теңге моральдық өтем және адвокат қызметіне жұмсалған 5 млн теңгені өндіру туралы шешім шығарды.

21 жастағы Нұрай Серікбай 2026 жылғы 11 қаңтарда Шымкентте қаза тапты. Сот материалдарына сәйкес, қызға 35 рет пышақ жарақаты салынған. Аймахан оқиғадан екі күн өткен соң ұсталған.

Сондай-ақ оқыңыз