Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты дербес мемлекеттік орган болды
Жарияланды

Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесінде тағы бір дербес орган пайда болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде құрылды.