Алматыда жүк көлігі көше ортасында өртенді

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Алматыда жүк көлігі көше ортасында өртенді / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Алматыда Төле би даңғылымен жүріп келе жатқан ЗИЛ жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Өрт Байтұрсынов көшесімен қиылыста шыққан. Алдымен жүк көлігінің капотының астынан түтін шығып, кейін көлікті жалын шарпыған.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және жедел жәрдем бригадасы келді. Өрт сөндірушілер өртті сөндірсе, полиция қауіпті аумақты қоршауға алды. Ешкімге медициналық көмек қажет болған жоқ.

Өрт сөндірілгеннен кейін көлік қозғалысын қалпына келтіру үшін жүк көлігі жолдың жүру бөлігінен шығарылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бұған дейін биіктігі 4317 метр болатын Сәтбаев шыңынан түсу кезінде үш бойжеткен тауда адасып кеткен еді. Күннің қараңғылануына байланысты олар жолды өздігінен әрі қарай жалғастыра алмаған.

Сондай-ақ оқыңыз