Әлем президенттері Қырғызстанға жиналып жатыр

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Қырғызстан президенті әкімшілігі

Әлем президенттері Қырғызстанға жиналып жатыр. Олар 1 қыркүйекте Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.

Алғашқылардың бірі болып Қырғызстанға ҚХР басшысы Си Цзиньпин және бірінші ханым Пэн Лиюань келді. Жұпты ел президенті Садыр Жапаров және жұбайы Айгүл Жапарова күтіп алды. Екі жақ «Ынтымақ Ордо» сарайының алдында салтанатты рәсімге қатысып, ары қарай ресми келіссөздер жүргізді. Си Цзиньпин Қырғызстанға соңғы рет жеті жыл бұрын келген.

фото: Қырғызстан үкіметінің сайтынан

Қытай басшысынан кейін «Манас» әуежайына Иран президентінің ұшағы келіп қонды. Масуд Пезешкиан елге арнайы жұмыс сапарымен келді. Пезешкинмен бірге Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон, Өзбекстан лидері Шавкат Мирзиеевте ат басын тіреді. Жұбайы Мехрима Әлиеваны қолтықтаған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев те құрметті қонақтардың арасында болды.

фото: Қырғызстан президенті әкімшілігі

Ұшақтан жұбайын ертіп түскен президенттің бірі – Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған. Жұбайы Эмине Ердоғанмен бірге келген түрік лидерін Қырғызстан президенті әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Қасымәлиев күтіп алды. Оларға Көшпенділер ойынының символына айналған қар барысының жұмсақ ойыншығын сыйлады.

фото: Қырғызстан президенті әкімшілігі

ШЫҰ саммитіне қатысып, Көшпенділер ойынын тамашалау үшін Қырғызстанға БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш те келді. Ол Садыр Жапаровпен арнайы келіссөздер өткізді. Айта кету керек, 2027-2028 жылдары Қырғызстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі атанады.

фото: Қырғызстан президенті әкімшілігі

«Манас» әуежайына Ресей президенті Владимир Путин мен Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифтің де ұшағы да келіп қонды. Ресейлік басылымдардың жазуынша, Ердоған мен Путин Бішкекте арнайы кездеспек. Сол тәрізді Тоқаев пен Путин де оңаша кездеуді жоспарлап отыр.

Әлем лидерлері бүгін кешке VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысады. Ал 1 қыркүйекте Қырғызстан астанасында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы және «ШЫҰ плюс» форматындағы кеңейтілген кездесуі басталады. 

Сондай-ақ оқыңыз