Apple Непал мен Тибеттегі апаттан зардап шеккендерге көмектеседі

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: AP Photo

Apple корпорациясы Непал мен Тибеттегі су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін қомақты қаражат аудармақшы. Бұл туралы компанияның бас директоры Тим Кук мәлімдеді.

«Непал мен Тибеттегі жойқын су тасқыны мен лай көшкінінен зардап шеккендердің отбасына көңіл айтамыз. Apple апаттан жапа шеккендерге көмек көрсету үшін және аумақтарды қалпына келтіру жұмыстарына қолдау ретінде қаржы бөледі», – деп жазды ол X әлеуметтік желісіне.

Бірақ нақты қанша сома аударатыны белгісіз. Бұған дейін Apple Венесуэла, Оңтүстік Корея және Жапониядағы табиғи апат кезінде де көмек көрсеткен еді.

26 тамызда Непалдың солтүстігінде жойқын су тасқыны болып, бірнеше елдімекенді және Қытайдың Тибет автономиялық ауданындағы Жилун шекаралық өткізу бекетін қиратты. Соңғы мәлімет бойынша, апаттан  794 адам қаза тапты, жүздеген адам жоғалды. Із-түссіз кеткендердің арасында Қазақстанның үш азаматы бар.  

Оқи отырыңыз: Непал үкіметі Meta мен TikTok-тан су тасқыны жайлы жалған ақпаратты өшіруді сұрады

Сондай-ақ оқыңыз