Бішкекте көшпенділер ойындары басталады: ашылу салтанатын қайдан көруге болады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Бішкек арена / фото: president.kg

Бүгін, 31 тамызда Қырғызстанда этникалық спорт пен көшпенділер мәдениетіне арналған VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Айтулы спорт додасының салтанатты ашылуымен қатар, Орталық Азиядағы ең үлкен спорттық нысандардың бірі – жаңадан салынған еңселі стадион қолданысқа беріледі. 51 мың көрерменді сыйдыратын Бішкек арена ойындардың басты мерекелік шарасын қабылдайды.

Ашылу салтанатын қайдан көруге болады?

Салтанатты шараның тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 18:30-да QAZSPORT телеарнасы көрсетеді.

Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын 150-ден астам спортшы қорғайды. Қазақстан құрамасы көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату және асық ату сияқты ұлттық спорттың бірнеше түрінен жүлдеге таласады.

Оқи отырыңыз: Қырғызстанда 1-6 қыркүйек аралығында өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының билет бағалары жарияланды.

Сондай-ақ оқыңыз