«Елімай» – «Қайрат» ойынының тікелей трансляциясы
Жарияланды

Бүгін, 31 тамызда Қазақстан премьер-лигасының 24-туры аясында семейлік «Елімай» мен алматылық «Қайрат» кездеседі.
Семейде өтетін кездесу сағат 19:00-де басталады. Ойынның тікелей трансляциясын SPORT+ телеарнасы мен KFF League арнасының YouTube-парақшасынан тамашалауға болады.
Турнирлік кестеге көз жүгіртсек, «Қайрат» – өткізген 21 кездесуден кейін 48 ұпаймен екінші орында, Ордабасымен чемпиондық үшін күресті белсенді жалғастырып келеді. «Елімай» болса қоржынында 32 ұпаймен алтыншы орында.
Айта кетейік, бұған дейін «Қайраттың» конференция лигасында кімдермен ойнайтыны белгіліл болған еді.