FlyArystan Ақтаудан Ыстанбұлға рейстерді қайта жандандырады

FlyArystan әуекомпаниясы Ақтау – Ыстанбұл бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын қайта жандандырады.
Ақтаудан алғашқы рейс 2026 жылғы 22 қазанда орындалады. 27 қазаннан бастап рейстер тұрақты негізде аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады.
Сейсенбі күндері рейс Ақтаудан сағат 08:40-та ұшып, Ыстанбұлға сағат 10:35-те келеді. Кері рейс Ыстанбұлдан сағат 11:40-та ұшып, Ақтауға сағат 17:05-те қонады. Сенбі күндері рейс Ақтаудан сағат 08:35-те ұшып, Ыстанбұлға сағат 10:30-да келеді.
Кері рейс Ыстанбұлдан сағат 11:15-те ұшып, Ақтауға жергілікті уақыт бойынша сағат 16:40-та қонады.
Бұған дейін әуекомпания Ақтау – Ереван – Ақтау бағыты бойынша тікелей рейстердің қайта жанданатынын хабарлаған болатын. Армения астанасына рейстер 2026 жылғы 16 желтоқсаннан бастап аптасына екі рет – сәрсенбі және жұма күндері орындалады. Қазіргі уақытта FlyArystan әуекомпаниясының Ақтаудан ұшатын халықаралық бағыттар желісіне Кутаиси, Баку, Дубай, Батуми және Үрімші кіреді.