Президент Малайзия премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзияның премьер-министрі Ануар Ибрагимге және оның отандастарына арнап құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Тоқаев малайзиялықтарды айтулы ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен куанышты түрде құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
Жеделхатта мемлекет басшысы Қазақстанның Малайзиямен өзара достық пен сенімге негізделген қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге баса мән беретінін айрықша атап өтті. Президент екі ел арасындағы ортақ күш-жігер мен диалогтың арқасында жан-жақты ынтымақтастық алдағы уақытта да халықтардың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия премьер-министрі Ануар Ибрагимнің мемлекетті дамытуға бағытталған игі бастамалары мен жауапты қызметіне сәттілік тілеп, бауырлас Малайзия халқына бақ-береке мен гүлдену тіледі.