Қазақстанда босқын мәртебесін алған 300-ге жуық адам бар

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Қазақстанда босқын мәртебесін алған 300-ге жуық адам бар
Елде босқын мәртебесін алған 300-ге жуық адам бар / Фото: shutterstock

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша елімізде 268 адам босқын мәртебесіне ие, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, елдегі босқындардың көбі – Ауғанстан азаматтары (183 адам). Сонымен қатар Украинадан 75, Қытайдан 4, Израильден 3, Сириядан 2 адам және азаматтығы жоқ 1 адам босқын мәртебесін алған.

Босқындар негізінен Алматы (166 адам), Шымкент (20 адам) қалалары, Алматы (21 адам), Солтүстік Қазақстан (18 адам), Атырау (18 адам), Шығыс Қазақстан (10 адам) облыстарында тұрады.

Пана іздеген адам мәртебесіне 206 адам ие, олардың ішінен 87 адам Украина азаматы, 76 – Ауғанстан азаматты, 9 – Ресей Федерациясының азаматы, 34-і басқа елдерден келген.

Бұған дейін Қазақстанның Бас прокуратурасы Алматыда ұсталған Ресей азаматшасы Юлия Емельянованы экстрадициялау процесін оның босқын мәртебесін беру туралы өтініші қаралғанға дейін тоқтатқан болатын. 

Сондай-ақ оқыңыз