Қыркүйекте күн күрт суытады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
погода
фото: Делия Айдаралиева, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Қыркүйекте елде күн күрт суытады. Айдың алғашқы күнінде солтүстік, шығыс және орталық аймақты суық атмосфералық фронт басып, түнде ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендейді. Кей жерде алғашқы қар жаууы мүмкін деп хабарлайды «Қазгидромет».

Бірінші және екінші қыркүйекте елдің солтүстігі, шығысы мен орталығында жаңбыр жауады. Алматының таулы аумақтарында найзағай ойнап, қатты нөсер жаууы мүмкін. Таңертең елдің солтүстік батысы мен солтүстігі және шығысында қалың тұман басып, жел тұрады.

  • Солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталық өңірлерде: түнде ауа температурасы 0…+5°C аралығында болады, кей жерлерде -3°C-қа дейін үсік жүруі мүмкін. Күндіз ауа +10…+12°C-тан +25…+33°C-қа дейін жылынады.
  • Батыс өңірлерде: түнде +10…+18°C, күндіз ауа температурасы +28…+33°C-қа дейін көтеріледі. Маңғыстау облысында ыстық ауа райы сақталып, күндіз +30…+35°C болады.
  • Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде: түнде +10…+18°C, таулы аймақтарда +3…+10°C болады. Күндіз ауа температурасы +18…+25°C-қа дейін, таулы жерлерде +7…+15°C-қа дейін көтеріледі.

Оқи отырыңыз: «Қазгидромет» Алматы мен Ақтөбе тұрғындарына ескерту жасады

Сондай-ақ оқыңыз