Тоқаев Ерлан Қаринге бірқатар міндеттер қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады.
Кездесу барысында президент вице-президент лауазымының Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілгенін және бұл мәртебе мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті.
Тоқаев Ерлан Қариннің алдына мемлекеттік саясат пен билік институттары арасындағы байланысты нығайту бойынша бірқатар нақты міндеттер қойды.
Атап айтқанда, вице-президент міндетіне Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында мемлекет басшысының атынан өкілдік ету кіреді. Одан бөлек мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша президенттің ұстанымы мен стратегиялық бағыттарын жеткізу тапсырылды.
Еске сала кетейік, бүгін 31 тамыз күні Ерлан Қарин вице-президент қызметіне тағайындалған еді.
Ерлан Қариннің еңбек жолымен толығырақ мына жерден таныса аласыз.