1 қыркүйек – Білім күні: 380 мың бала бірінші сыныпқа барды

2026 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстандағы 8 мыңға жуық білім беру ұйымында жаңа оқу жылы басталады. Биыл 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа қабылданады.
Оның ішінде шамамен 296 мың оқушы мемлекеттік мектептерде, тағы 23 мыңға жуығы жекеменшік мектептерде білім алады. Қалалық мектептерге 191 мыңға жуық, ауылдық мектептерге шамамен 128 мың бірінші сынып оқушысы қабылданған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар 4 мыңға жуық бала да білім беру ұйымдарына қабылданды.
Бірінші сынып оқушыларының ең көбі Түркістан облысында – 50 мыңнан астам бала. Алматы облысында 35 мыңнан астам, Астанада шамамен 33 мың, Алматыда 31 мыңнан астам, Шымкентте 29 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазір Қазақстанда 8048 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Бұл 2024-2025 оқу жылымен салыстырғанда 1,6%-ға көп.
2020 жылдан бері Қазақстанда 1200-ден астам мектеп салынды. Осы кезеңде 1 млн-нан астам жаңа оқушы орны құрылып, үш ауысымда жұмыс істейтін мектептердің саны төрт есе азайған.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2026–2027 оқу жылында тағы 101 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр. Олар жалпы 59,3 мың оқушыға есептелген. Жаңа мектептердің құрылысы Арнайы мемлекеттік қор, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, жергілікті бюджет және жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылады.
Оқи отырыңыз: Жеке мектептерді қаржыландыру тәртібіне өзгеріс енгізілмек