Ақ үй Венесуэламен арадағы мұнай мәмілесінің шарттарын жария етті

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Родригес АҚШ билігінің ынтымақтастықтан бас тартқан жағдайда өзін және өзге де жоғары лауазымды венесуэлалық шенеуніктерді өлтіреміз деп қорқытқанын айтқан / фото: shutterstock
Ақ үй Венесуэламен арадағы мұнай мәмілесінің шарттарын жария етті / фото: shutterstock

Ақ үй Венесуэламен арадағы мұнай мәмілесінің шарттарын жариялап, басты жеке компанияны атады және АҚШ-тың 65 млрд баррельден астам мұнайға бақылау орнатқанын растады, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Euronews ақпаратына сүйенсек, Трамп әкімшілігі тарихтағы ең ірі мұнай мәмілесі туралы хабарлағаннан кейін бірнеше күн өткен соң, Ақ үй оның егжей-тегжейін ашты.

Басылымның атап өтуінше, дүйсенбіде, 31 тамызда жарияланған Ақ үйдің ақпараттық бюллетенінде келісімнің орталығында тұрған оператор ретінде North American Blue Energy Partners (NABEP) компаниясы аталған. Құжат алғаш рет меншік құрылымын ашады және Вашингтонның орнына не алатынын түсіндіреді.

Венесуэланың уақытша билігі NABEP-ке 17 кен орнын игеруге 100 жыл мерзімге концессия берді. Келісімге АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен АҚШ соғыс министрі Пит Хегсет қол қойды.

Венесуэланың қорлары американдық қорлардан әлдеқайда асып түседі. АҚШ аумағындағы шамамен 46 млрд баррель, ал келісімде қамтылған 65 млрд баррель болып отыр.

Дүйсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп бұл қорларды «жай ғана пайдаланылмай жатқан орасан зор байлық» деп атап, АҚШ «осының бәрін тартып алатынын. Біз бұл мұнайды аламыз» деп қосты.

Ақ үй басшысы, сондай-ақ, АҚШ-тың ең ірі мұнай компаниялары Венесуэла кен орындарын қайта бөлісуге қатысу үшін кезекке тұрып жатқанын тағы да мәлімдеді.

«АҚШ-тың мәмілеге қатысқаны үшін NABEP АҚШ Соғыс министрлігінің Стратегиялық капитал офисіне өзінің бас компаниясындағы 35 пайыздық үлес берді. Ақ үйдің бағалауынша, ол жүздеген миллиард доллар тұруы мүмкін және салық төлеушілерге тегін бұйырды. АҚШ Мемлекеттік департаменті де NABEP-тің барлық қазіргі және болашақ кен орындарындағы өндірістің 20%-ын өзіндік құны бойынша сатып алу құқығын алады. Бұл көлемдер, атап айтқанда, Стратегиялық мұнай резервін ішінара толықтыруға арналған. Сондай-ақ, қалған 80%-ын бірінші кезекте сатып алу құқығына ие болады. Вашингтон директорлар кеңесінің мүшелерін тағайындауға вето қою құқығын алады, директорлардың көпшілігі АҚШ азаматтары болуы тиіс, ал келісімнің өзі американдық құқық пен соттардың юрисдикциясына бағынады», – делінген жарияланымда.

NABEP Венесуэланың мұнай инфрақұрылымына 100 млрд долларға дейін (86 млрд евро) инвестиция салуға міндеттенеді және 25 жыл ішінде роялти мен салық түрінде шамамен 200 млрд доллар (172 млрд евро) төлейді деп күтілуде.

Оқи отырыңыз: АҚШ Венесуэла мұнайының бестен бірін бақыламақ

Сондай-ақ оқыңыз