АҚШ Иранға қарсы ядролық қару қолданбайды
Жарияланды

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы ядролық қару қолдану мүмкіндігін қарастырмайтынын мәлімдеді.
Іnterfax ақпаратына қарағанда, Трамп мұны дүйсенбі күні Ақ үйде журналистердің сұрағына жауап берген кезінде айтқан.
«Мен мұны жоққа шығарамын. Бұған ешқандай себеп жоқ», – деді Трамп.
АҚШ президенті сондай-ақ Иранмен қақтығыста Америка Құрама Штаттарының жеңіске жеткенін тағы да мәлімдеді.
«Қандай орынсыз сұрақ? Олар онсыз да толық жеңілді. Енді мен ядролық қару қолдануым керек деп ойлайсыз ба? Бұл не деген ақымақтық?» – деп таңырқады АҚШ президенті.
Айта кететін жайт, Иранның экспорты мен импорты шамамен 35%-ға азайды. Ел президенті Масуд Пезешкиан бұған АҚШ санкциялары мен Иран порттарының теңіз арқылы қоршауға алынуы себеп болғанын айтты.