Астанада «Night Run» түнгі жүгіру марафоны өтеді

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Астанада «Night Run» түнгі жүгіру іс-шарасы өтеді
Астанада «Night Run» түнгі жүгіру іс-шарасы өтеді / Фото: shutterstock

Астанада 5 қыркүйек күні «Night Run» бұқаралық түнгі жүгіру іс-шарасы өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жарыс кешкі сағат 20:00-де Алматы ауданындағы Триатлон саябағында басталады. Қатысушылар 5 шақырымдық қашықтықта бақ сынайды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жүгіруге қатысу үшін алдын ала онлайн тіркеуден өту қажет. Тіркелу 2 қыркүйектен бастап reg.elordasport.kz сайтында жүргізіледі. Қатысушылар саны 1700 адаммен шектелген. Қатысу тегін.

Бұқаралық спорттық іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын дәріптеп, тұрғындарды тұрақты түрде спортпен айналысуға тарту. Соңғы жылдары елордада жүгіруге қызығушылық танытып, бұқаралық спорттық бастамаларға қатысатын тұрғындар қатары артып келеді.

Тіркеуден өткен қатысушылар жарыс күні, 5 қыркүйекте сағат 17:30-дан 19:30-ға дейін Триатлон саябағынан жарыс нөмірі мен лотерея билетін ала алады.

Айта кетейік, іс-шара кезінде қала көшелері жабылмайды және көлік қозғалысына шектеу қойылмайды.

Сонымен қатар, Астанада 5 қыркүйек күні онкологиялық аурумен күресіп жатқан балаларды қолдауға арналған RUN FOR ONCOKIDS 2026 қайырымдылық марафоны өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз